№5 қалалық емханада кәсіпорын қызметкерлеріне ҚР ДСМ 10.11.2009 ж. «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» № 685 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ДСМ 25.12.2017ж. №995 бұйрығын түсіндіру жұмысы жүргізілді. Аталған бұйрықты бүге-шегесіне дейін түсіндіріп және түрлі мысалдар келтіріп толық ақпарат берген Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігерінің ұйымдастыру әдісі жөніндегі орынбасары Г.А.Тантели және осы мекеменің скринингтік бөлімінің басшысы К.Беккулиев.