№5 қалалық емхана 2019 жылға облыс көлемінде орналасқан барлық аудандарда жүргізілетін 10 мемлекеттік әлеуметтік жоба тақырыптарын ұсынды

№5 қалалық емхана 2019 жылға облыс көлемінде орналасқан барлық аудандарда  жүргізілетін  10 мемлекеттік әлеуметтік жоба тақырыптарын ұсынды. Жобаның мақсатты топтары  медицина қызметкерлері, оқу орындарындағы жасөспірімдер, облыс және  аудан  тұрғындары. Жобаның негізгі мақсаты  жасөспірімдер арасында зиянды әдеттредің  алдын алу, қыздар арасында ерте жастағы жүктілікті  болдырмау. Әлеуметтік маңызы бар  аурулардың алдын алу, тұрғындар арасында   осы аурулар  туралы ақпараттандыру деңгейін көтеру.   Паллиативті көмек көрсету дағдыларын үйрету.Жастар арасында еріктілер қозғалысын қалыптастыру.

 

2019 жылға ұсынылған жобалардың тақырыптары:    
«Салауатты -  өмір салтын насихаттау және қауіп-қатер факторларының алдын алу» (маскүнемдіктің, темекі шегудің, дене белсенділігін арттыру, тиімді тамақтану соның ішінде   құрамындағы тұзы,қанты қоп тағамдарды азайту және  артық салмақтың алдын
«Жол жарақатының алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру. Алғашқы медициналық көмек көрсету».
«АИТВ / ЖИТС- тың алдын алу»
« Репродуктивтік денсаулықты қорғау»
«Суицидтік және девианттты мінез-құлыққа бейім клиенттермен жүргізілетін іс-шаралар»
"Денсаулығынды сақта - обырды жең!"  Қатерлі ісіктің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізу. Тұрғындарға скринингтік  тексеруден өту жайында кампаниясын жүргізу.
«Туберкулездің алдын алу»  24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қ қарсы күрес күніне орай  акциясын ұйымдастыру және өткізу.
Паллиативтік көмек жүйесінде психологиялық қолдау.
«Жұқпалы емес аурулардың алдын алу (Жүрек-қан тамыр, онкологиялық аурулар,Қант диабеті, Өкпе ауруларының алдын алу)»
«Дені сау сәби!» Жүктілік және қауіп-қатер факторы. Ана  сүтімен  қоректендіру.   Ерте жастағы балалардың күтімі.