№ 5 қалалық емхана мейіргерлері 0-5 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге патронаж жүргізеді, олар отбасылық дәрігер және психолог пен әлеуметтік қызметкерлермен тығыз байланыста болу арқылы команда болып жұмыс жасайды. Команда құрамы қауіп-қатер факторын нақтылап, проблема туындамай тұрғанда шұғыл түрде, отбасылық мәнмәтін бойынша, баланың негізгі қажетті талаптарын бағалайды. Баланың ата-анасына тамақтану мәселесі бойынша және қосымша беретін тағамды теңдестіру туралы кеңес береді, қауіпсіз ортаға орай, жарақаттан және оқыс оқиғадан сақтау туралы, балалардың ойындарына қатысты, түрлі қатынастар бойынша, оқуға, сондай-ақ баланың әкесін тәлім-тәрбиеге қатынастыру жөнінде консультация жүргізеді. Команда құрамы отбасының әлеуметтік қолайлығына байланысты қауіптерді, қаталдық пен зорлық-зомбылықты, тәкаппарлықты айқындайды, сондай-ақ ортаның қауіпсіздігіне орай қатерді және жарақат пен келеңсіз жәйттерді босануға дейінгі кезеңдегі патронажда анықтайды. Команда құрамы әрбір патронажды жоспарлайды, сондықтан дайындалып шығады, сапалы патронаж жасау үшін, сөмке-рюкзакта барлық қажетті заттары болады.