Ерте жастағы балалардың ауруы мен өлімін төмендету және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу және ерте жастағы балаларды дамыту әдісін енгізу туралы» № 656 бұйрығын орындау мақсатында, Астана қаласының медициналық ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры ұсынған бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу (БЖАИЖ) және ерте жастағы балаларды дамыту әдісі енгізілген.
БЖАИЖ мақсаттары: нәрестелік және балалар өлімінің көрсеткішін төмендету; 5
жасқа дейінгі балалардың ауруға шалдығушылық пен мүгедектікті төмендету.
БЖАИЖ стратегиясының басты мақсаты аурудың қауіпті белгілерін бағалау,
медициналық қызметкерге қай кездері міндетті әрі шұғыл түрде жолығу қажет,
дұрыс емізу, тамақтандыру және баланы дұрыс күту мәселелері болып табылады.
БЖАИЖ міндеттері: 1) медициналық ұйымдардың, ең бастысы БМСК қызметкерлерін
БЖАИЖ бағдарламасына үйретуге; 2) 5 жасқа дейінгі балаларды өмірге үйретуге
халықты және қауіпті белгілерге ата-аналарды үйрету; 3) АМСК медициналық
қызметкерлерінде БЖАИЖ дағдыларын бекіту және медициналық қызметкерлерінің
базалық бағдарламаларын дайындауда БЖАИЖ енгізуге; 4) мониторинг жүргізу –
басқармалы себептерден сәбилердің өлімін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді
қолдануға мүмкіндік береді.
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/532-bzhaizh-ma-sattary?template=SSMP#sigProId591c4006b3