Бүгін N 5 қалалық емханада Мейіргерлер Күніне орай салтанатты іс- шаралар өткізілді. Мереке бағдарламасы көп жыл бойы жұмыс істеп денсаулық сақтауына үлес қосқан мейіргер әріптестерімізді құттықтаудан басталды. Ұзақ жылдар бойы қалтқысыз жұмыс істеген емхананың күндізгі стационар бөлімінің аға мейіргері Темиргалиева Римма Дастановна Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігінің " ШАРАПАТ " төс белгісімен марапатталды. Көп жылдар бері аймақтық мейргер , аға мейіргер боп жұмыс атқарған Джакипбекова Гульнарахон Заманбековна " Primary Health Care " Ұлттық қауымдастығының " АБЗАЛ ЖАН" орденіне ие болды.Құтты болсын ! Әріптестеріміз басқа да үлкен марапатқа ие болды: Жамбыл облысы әкімі Н.Нуржігітов атынан Алғыс хат аға мейіргерлер Бекталиева Гаухар Рахметілдақызы және Джандарбекова Шынаим Заманбековнаға тапсырылды.Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысыА .Калиев мырзаның атынан Алғыс хат аға мейіргер Копабаева Райхан Нурмахановнаға , Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігінің Алғыс хаты аймақтық мейіргері Рашова Марзия Умбеталиевнаға тапсырылды.Бір қатар мейіргерлер "Senym" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Г .А ханымның атынан Құрмет грамотасына ие болды.Құтты болсын! Және мерекеге орай мейірбикелердің арасында "Үздік мейіргер маманы" байқауы өткізілді.Бұл байқау да мейргерлердің науқастарға шұғыл көмек көрсету және коммуникативті дағдылары бағаланды, сонымен қатар өмірге көзқарас , өзімен таныстыру бойынша баға берілді. Кәсіподақ ұйымының дайындаған сыйлықтар , гүл шоқтары берілді,концерт қойылды. Құтты болсын мереке , құрметті әріптестер! Қазақстан халқының денсаулық сақтау ісіне ары қарай да өте биік жауапкершілік пен қараймыз деп кәміл сенеміз. Құрметті әріптестер! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат ,отбасылық бақыт ,береке тілейміз!
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/554-mejirgerler-k-ni#sigProIde0c1acbbbd