Ашық есік күні

There is no translation available.

29 қыркүйек 2022 жылы Тараз қаласы «№5 қалалық емханада» «Дүниежүзілік жүрек күніне» арналған ашық есік күні өтті. Бұл күні емханаға келген тұрғындар: • Ақкөкиева Тұрсынай Әнуарбекқызы жалпы практика дәрігерінен (ВОП) кеңес алды. Дәрігермен жүрек үлгісінде (муляж) жоғары артериялық гипертензия, холестерин қандай асқынуларға алып келуі мүмкін екенін көрсетілді. • ЭКГ тексеруден өтті • СӨС (салауатты өмір салты) және денсаулық мейіргерілерінен кеңес алды, қан қысымын, қандағы қант деңгейін өлшеді. Тонометр, глюкометр аппараттарымен қалай қолдану керектігі көрсетілді, бейнеролик көрсетілді, буклеттер таратылды, сауалнама толтырылды, сұрақтарға жауап берілді. Барлық іс-шаралар бірінші қабатта 125 бөлмеде өтті.