31.12.2022 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ««Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - 2023 жылға тегін медициналық жәрдемнің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балалар мен ересектерге стационарды алмастыратын көмек көрсетуге №С-06-0123-00031-G және №С-06-0123-00032-О келісімшарттар жасасқандығын хабарлайды.
Медициналық жәрдем түрлері бойынша:
Балаларға мына мамандықтар бойынша стационарды алмастыратын көмек:
- невропатология;
- педиатрия;
- медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі;
Ересектерге мына мамандықтар бойынша стационарды алмастыратын көмек:
- нефрология;
- эндокринология;
- жалпы хирургия;
- кардиология;
- акушерлік және гинекология;
- жалпы терапия;
- невропатология;
- травматология және ортопедия;
- медициналық реабилитология, қалпына келтіру емі;
Медициналық жәрдемді жоғары және бірінші санатты мамандар көрсетеді.
Қызмет көрсету мерзімі - 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Қызмет көрсету мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі 13 «А».
Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7262) 54-47-15.
«№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК-на 14.11.2012 жылы №12023188 мемлекеттік лицензиясы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен берілді.