Қызмет саласы

Тараз қаласының "№5 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Рысбек батыр көшесі, 13 "А" мекенжайында орналасқан, 4 қабатты ғимарат 2011 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылған. 

 

Емхана  06.08.2001 ж. құрылған.

 

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын тегін медициналық көм ектің кепілдік берілген көлемі негізінде келесі медициналық көмек түрлерін көрсетеді: 

1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек: дәрігерге дейінгі, білікті.


2. Зертханалық диагностика: жалпыклиникалық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, серологиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер.


3. Мамандықтар бойынша ересек адамдарға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек: акушерия және гинекология, иммунология, жұқпалы аурулар, травматология және ортопедия, жалпы хирургия, дерматовенерология, невропатология, оториноларингология, офтальмология, стоматология, жалпы терапия, кардиология, кәсіптік патология, эндокринология, урология, онкология, маммология, аллергология, ангиохирургия.


4. Мамандықтар бойынша балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек: педиатрия, иммунология, жұқпалы аурулар, травматология және ортопедия, жалпы хирургия, невропатология, оториноларингология, офтальмология, нефрология, аллергология, ангиохирургия.


5. Медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдік физкультура.


6. Диагностика: функционалды, эндоскопиялық, УДЗ-диагностика.

7. Сараптамалық медициналық көмек: уақытша еңбеккке жарамсыздық және кәсіби жарамдылық сараптамасы (профилактикалық және мерзімдік медициналық қарау). 

8. Емханада 29 мамандық бойынша медициналық көмек көрсетіледі: ЖТД, терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, хирург (ересектер, балалар), травматолог (ересектер, балалар), ортопед (балалар), лор (ересектер, балалар), окулист (ересектер, балалар), невропатолог (ересектер, балалар), эндокринолог (ересектер), кардиолог (ересектер), нефролог (балалар), дерматолог, инфекционист, иммунолог, физиотерапевт, стоматолог, уролог, онколог, маммолог, ангиохирург, аллерголог.

9. Медициналық ұйымда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР кодексінің 58-бабына сәйкес пациенттерді қолдау қызметі құрылған. Медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу деректерін анықтау пациенттерді қолдау қызметінің функциясына жатады.