Пациенттерге қолдау көрсету қызметі (ішкі аудит қызметі)

Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, «пациенттерге қолдау корсету қызметі» құрылған. Пациенттерге қолдау көрсету қызметі функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді. 

Пациенттерге қолдау көрсету қызметінің мақсаты-медициналық көмектің сапасын арттыру, жақсарту және проблемалық мәселелерді анықтау.

Осыған байланысты, егер Сіздер:

  • медициналық көмек көрсету сапасымен қанағаттанбасаңыз;
  • медицина қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа ұшырасаңыз;
  • «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде» көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақша талап ету фактілері болған жағдайда;
  • сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз, Сіз «пациенттерге қолдау көрсету қызметіне» жүгінуге құқылысыз.

Әділеттілік пен айқындықты ұстану мақсатында, комиссия құрамы Сіздің өтінішіңізді өзіңіздің көзіңізше қарайтын болады.

Өзіңізге ыңғайлы болу үшін, өтінішті жазбаша түрде аты-жөніңіз, мекен жайыңыз және телефоныңызды көрсетіп өтініштер мен шағымдарға арналған әр қабатта орналасқан жәшікке салуыңызға болады, немесе өтінішті медицина ұйымының сайтына gp5-taraz.kz жолдау мүмкіндігіңіз бар.

Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз. Олар әрқашан «осында және қазір» қағидасы бойынша қолжетімді. Пациенттерді қолдау қызметі «Open Office» 129 кабинеті 1-ші қабатта және 4-ші қабаттағы 404, 409 кабинеттері.

Сенім телефоны: 8 (7262) 56-87-63. Call-орталығы: 8 (7262) 56-87-70 (09.00-19.00)

Тіркеу орны нөмірлері: 8 (7262) 92-40-45, 8 (7262) 92-40-46.

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше тез қарап, нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады. 

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі тұрғындар арасында сауалнама жүргізеді, оның мақсаты, халыққа көрсетілген медициналық көмектің сапасын анықтау және айқындалған кемшіліктерді жою.

Біздің ұйымның медициналық жәрдемнің сапасын жақсартуға көмектесетін Сіздің пікірлеріңіз бен тілектеріңіз үшін Сізге алғыс білдіреміз.