View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

Loading...

 

 

 

МІНДЕТТІ ƏЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

ТҰРҒЫНДАР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС?
жүктеу

ТҰРҒЫНДАР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС (2 бөлім)?
жүктеу

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС? 
жүктеу

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖЕРІ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС?
жүктеу

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУГЕ ТИІС?
жүктеу

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) Қазақстанда Мемлекет басшысының Ұлт жоспары Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 80 қадамын жүзеге асыру және 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» денсаулық сақтау дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде енгізілген. ҚР Президенті 2015 жылғы 16 қарашада «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР заңына қол қойды.

Бүгінгі күні «МӘМС жүйесін енгізу туралы» жобаны жүзеге асыру Жол картасы әзірленіп, бекітілген. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлері мен мүдделі құрылымдардың мамандары қатарынан жұмыс тобы құрылған. Дүниежүзілік банктің және Oxford Policy Mаnаgement халықаралық сарапшылары тартылды. 2016 жылдың ортасында ҚР ДСМ медициналық қызметтер төлемдері комитеті базасында Әлеуметтіе медициналық сақтандыру қоры құрылған. Оның ұйымдық-құрылымдық нысаны – коммерциялық емес акционерлік қоғам. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылады», - деп хабарлады Е.Біртанов.

Вице-министр Қазақстанда енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі халықаралық озық тәжірибе ескеріле отырып, әзірленгенін және мемлекеттің, жұмыс беруші мен әрбір адамның бірдей жауапкершілігіне негізделгенін атап өтті.

Осы ретте мемлекет экономикалық белсенді емес тұрғындарға жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлері үшін, салық органдарында тіркелген жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар – өзі үшін төлейді.

Айрықша санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары) үшін мемлекеттің жарна мөлшерлемесі айлық орташа жалақының 7% құрайды. Сонымен бірге мөлшерлеме көлемі сатылап көтерілетін болады: 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылы 6%, 2024 жылдан – 7%.

Жұмыс берушілердің жарна мөлшерлемесінің жалпы көлемі табыстың 5% құрайды, аударымдар 2017 жылы 2%-дан, 2018 жылы 3%, 2019 және 2020 жылдары – 5% басталады.

Жұмыскерлер жарналарының мөлшерлемесі табыстың 2% құрайды, осы ретте олардың аударымдары 2019 жылы – 1%, 2020 жылы – 2% басталады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың (азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, жеке тұлғалар) жарна мөлшерлемесі табыстарының 7% құрайды. Осыған сай, 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5% және 2020 жылы 7% болады.

Жұмыс берушілердің жарналары корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде, ал жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар – жеке табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден 15 санаттағы азаматтар босатылады, олардың 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары, сонымен бірге әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына жатады:

-          балалар;

-          «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және І және ІІ дәрежелі «Батыр ана» атағын иеленген, сонымен бірге І және ІІ дәрежелі «Даңқты ана» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

-          ҰОС қатысушылар мен мүгедектер;

-          мүгедектер;

-          жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

-          интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;

-          техникалық және кәсіби, орта оқу орнынан кейінгі, жоғарғы білім, сондай-ақ резидентура түріндегі жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда күндізгі бөлімде оқитын тұлғалар;

-          бала күтіміне, жаңа туған нәрестелерді асырап алумен, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

-          жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, жұмыс істемейтін тұлғалар, 3 жасқа дейін бала тәрбиесінде отырған тұлғалар;

-          зейнеткерлер;

-          сот үкімі бойынша қаупі төмен мекемелерден өзге, ҚОЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген тұлғалар;

-          уақытша қамау және тергеу орындарында отырған тұлғалар.

«Жұмыс берушілерден аударымдар 2017 жылдың 1 қаңтарынан, қордан қаржыландыру 2017 жылғы 1 шілдеден басталады. Талап етілетін сомаға жарналарды алу мәселелері салық органдарының құзыретіне жатады. Жарналарды төлемеген немесе төлеуден жалтарғандар үшін айыппұлдар қарастырылған», - деді Е. Біртанов.

Адамның медициналық сақтандыруға ие екендігін білу үшін медициналық ұйымның қызметкерлері бірыңғай электронды дерекқорға оның ЖСН-ін енгізу жеткілікті болады. Егер аударымдар жүргізілетін болса, онда өтініш беруші сақтандырудың барлық түрлерін пайдалана алады. Ал егер аударымдар жүргізілмеген жағдайда, мұндай тұлғаға кепілдік берілген медициналық көмек шеңберінде ғана көмек көрсетіліп, басқа шығыстарды өзі төлейтін болады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтарға медициналық қызметтер пакеттерінің 2 түрі ұсынылады:

Біріншісі - негізгі пакет республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кепілдендірілген медициналық көмек. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қол жетімді болады. Ол мыналарды қамтиды: алғашқы көмек және санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға және төтенше жағдайларда, медициналық көмек, профилактикалық егу.

Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтыған топтарына 2020 жылға дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен амбулаториялық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз етілген амбулаториялық-емханалық көмек көрсету көзделген.

Екіншісі – жаңадан құрылған медициналық сақтандыру қоры ұсынаты сақтандыру пакеті. Оған кіреді: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есепке алмағанда), стационар алмастырушы көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есепке алмағанда), қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек.

Бұл пакетті алу құқығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Осы пакеттермен қатар, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар жеке сақтандыру компанияларымен жасалған шарт негізінде медициналық қызметтер ала алады.