
Иманбекова Шолпан Сембекқызы 1959 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1976 жылы Жамбыл қаласындағы №3 орта мектепті бітіріп, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп, оны 1982 жылы тәмамдаған.
Интернатурадан өткеннен кейін, 1983–1991 жылдар аралығында Көлік және коммуникация министрлігінің денсаулық сақтау жүйесінде дәрігер-терапевт болып қызмет атқарды. 1991 жылы Жамбыл қаласындағы теміржол ауруханасына бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды. Кейін облыстық диагностикалық орталықта және облыстық ауруханада бас дәрігердің ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды
2009–2017 жылдар аралығында Тараз қаласындағы №5 қалалық емхананың бас дәрігері қызметін атқарды.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі — 30 жылдан астам. Денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы.
Кәсіби қызметі мен еңбегі үшін келесі марапаттарға ие болды: 2007 жылы — «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі; 2011 жылы — «Гиппократ» медалі; 2011 жылы — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі; «Даңқ жұлдызы – Қазақстан экономикасы» ордені; 2014 жылы — «Жыл маманы – 2014» ұлттық сертификаты. Жамбыл облысы әкімінің және «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары.
2008 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының, Денсаулық сақтау ардагерлері кеңесінің және «Primary Health Care» ұлттық медициналық қауымдастығының мүшесі.
2012 жылы қалалық мәслихат депутаты болып сайланып, Тараз қаласы мәслихатының шешімімен «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Халықаралық жобаларға белсене қатысып, Финляндияда халықаралық ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасудан өткен.
Өмірлік ұстанымы — отандық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халық игілігіне қызмет ету.

Кеңесбек Бекжан Айдарұлы 1995 жылғы 16 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. 2010–2013 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Көпсалалы колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. 2013–2016 жылдары Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша, ал 2016–2018 жылдары аталған институтта «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Еңбек жолын 2013 жылғы 2 қазанда «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құжаттама құрылымдық бөлімшесінің жетекші маманы лауазымынан бастады. Бұл қызметті 2015 жылдың 7 тамызына дейін атқарды. Кейінгі кезеңдегі еңбек өтілі:
07.08.2015 – 12.01.2016ж. — Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратында құжаттама құрылымдық бөлімшесінің іс-жүргізу жөніндегі бас маманы; 13.01.2016 – 17.03.2016ж. — Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінде бас маман – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы; 17.03.2016 – 17.06.2016ж. — қызметін қайта тағайындау негізінде сол бөлімшеде жұмысын жалғастырды; 17.06.2016 – 31.05.2017ж. — Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінде бас маман – комиссия хатшысы; 02.06.2017 – 09.08.2019 ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы; 09.08.2019 – 17.03.2021 ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде сол лауазымда қызметін жалғастырды; 17.03.2021 – 08.06.2022 ж. — аталған департаменттің әкімшілік басқармасының басшысы; 09.06.2022 – 14.09.2023ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінде басқарманың бас сарапшысы; 15.09.2023 – 18.09.2024ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әкімшілік департаментінің ұйымдастыру жұмысы бойынша басқармасының басшысы.
2024 жылғы 19 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келеді. Үйленген. Бір қыз және бір ұл тәрбиелеп отыр.

Отарбай Лаура Отарбайқызы 1978 жылғы 22 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Шаульдер ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 2001–2002 жылдар аралығында жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
2002–2005 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханада учаскелік дәрігер болып қызмет атқарды.
2005–2006 жылдары Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық орталық ауруханасында кардиолог дәрігер болып жұмыс істеді.
2006–2007 жылдары «Қазақмыс» медициналық-санитарлық бөлімінде терапевт дәрігер қызметін атқарды.
2007 жылы Жамбыл облысына қоныс аударуына байланысты 2007–2011 жылдар аралығында Сарысу аудандық орталық ауруханасында учаскелік терапевт болып жұмыс істеді. 2011 жылғы қаңтарда Сарысу аудандық орталық ауруханасының терапевтік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалып, бұл қызметті 2013 жылға дейін атқарды.
2013 жылы Тараз қаласына қоныс аударуына байланысты Облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталықта статист-дәрігер болып қызмет атқарды. 2014 жылғы 2 қыркүйекте мемлекеттік тестілеуден сәтті өтіп, Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына бас маман лауазымына қабылданды.
В 2020 году по результатам внутреннего конкурса назначена начальником отдела организации и медицинской помощи Управления здравоохранения Жамбылской области.
2020 жылы ішкі конкурс нәтижесі бойынша Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ұйымдастыру және медициналық көмекті үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін емдеу жұмыстары жөніндегі басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.